"Ислам мемлекеті" содырлары зымыран кешеніне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" содырлары зымыран кешеніне ие болды

"Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары жылжымалы зениттік-зымыран кешенмен қаруланыпты (ЖЗЗК)", - деп хабарлайды РИА Новости  неміс БАҚ-тарына сілтеме жасап. Айта кетерлігі, ЖЗЗК-нің көмегімен жолаушылар ұшағын оңай құлатуға болады екен.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Германияның барлау қызметі бундестаг депутаттарына "ошағы Ирактың солтүстігіндегі "Ислам мемлекеті"  ұйымының еншісінде әуе шабуылына қарсы қарулар бар", - деп хабарлапты. Алайда нақты қандай түрлері екендігі ашық айтылмайды. БАҚ, сонымен қатар, "ЖЗЗК әсіресе ұшақтың әуеге ұшуы мен жерге қонуы кезінде аса қауіпті", - деп жазған екен.

Айтпақшы, ЖЗЗК – ресейлік немесе басқа елдерде шығарылуы мүмкін көрінеді. Кейбір қару-жарақтар 1970 жылы жасалса керек. Олардың ішінде бүгінгі күнгі үлгілер де жоқ емес сияқты.

Ал дәл осы кездері АҚШ-тың Қарулы Күштерінің Орталық командованиесі "бүгін, 26 қазан күні АҚШ-тың әскери әуе күштері мен бізді қолдап отырған "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы халықаралық коалициясы әуеден бірнеше шабуыл жасады. Әуесоққыларының 12-сі Иракқа, бесеуі Сирияға бағытталды", - деген ақпарат таратып отыр.

Сириядағы әуе операцияларына негізінен АҚШ-тың ұшақтары ғана қатысыпты. Десек те, Ирактағы "Ислам мемлекеті"  ұйымын оқтың астына алған оларға, жоғарыда сөз болғандай, "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы халықаралық коалициясы көмектескен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети