Испанияда мейрамханадан бір сәтте 120 келуші ақы төлемей қашқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияда мейрамханадан бір сәтте 120 келуші ақы төлемей қашқан © granbali.ru

Испанияда мейрамханадан бір сәтте 120 келуші ақы төлемей қашып кеткен, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты BBC News агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияда мейрамханадан бір сәтте 120 келуші ақы төлемей қашып кеткен, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты BBC News агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Бембире қаласында болған. El Carmen мейрамханасына Румыния тумалары болып келетін қонақтар баланы шоқындыру мерекесін атап отырған. Банкетке дейін олар 900 еуро көлемінде алдын ала төлем жасаған. Дастархандағы ас пен 30 шөлмек түрлі алкогольді шімдікті тауысқан қонақтар десерт берер алдында қашып кеткен.

"Бәрі бір минут ішінде болды", - дейді мейрамхана иесі Антонио Родригес (Antonio Rodriguez). Ол келушілер туралы бар білгенін полицияға хабарлады. Әзірге полицейлер қашқындардың ешбірін қолға түсірмеген. 

Родригестің сөзінше, мұндайды ол 35 жылда алғаш көріп отыр. Бұл оқиғадан мейрамханаға келген шығын 2000 еуроны құрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети