Испания шілдеден бастап туристерді қабылдай бастайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Испания шілдеден бастап туристерді қабылдай бастайды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Елдің премьері Педро Санчес "Испанияға туризм қажет, ал туризм қауіпсіз болуы керек" екенін айтқан.
"Сондықтан біз шетелдік туристердің қауіпсіздігіне кепілдік береміз", - дейді премьер.
Алайда Испанияның нақты қандай елдермен әуе байланысы жаңартылатынын, нақты қандай шаралар қабылданаты белгісіз. Премьердің сөзінше, бұған байланысты толық мәліметті министрлік жақын арада береді.
Педро Санчес испандықтарға демалысты қазірден бастап жоспарлауды ұсынған. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар Испанияда провинциялар арасында жүруге тыйым алынып тасталғанда, эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда саяхаттай алады.
Испания премьері Педро Санчестің мәлімдемесі бойынша, ел қалыпты өмірге маусымның аяғында келуі мүмкін.
Еске салайық, Испания коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша төртінші орында. Жалпы 282 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырып, оның ішінде 196 958 адам аурудан айығып, 28 678 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!