Испанияда мейрамханадан бір сәтте 120 келуші ақы төлемей қашып кеткен, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
Испанияда мейрамханадан бір сәтте 120 келуші ақы төлемей қашып кеткен, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Бембире қаласында болған. El Carmen мейрамханасына Румыния тумалары болып келетін қонақтар баланы шоқындыру мерекесін атап отырған. Банкетке дейін олар 900 еуро көлемінде алдын ала төлем жасаған. Дастархандағы ас пен 30 шөлмек түрлі алкогольді шімдікті тауысқан қонақтар десерт берер алдында қашып кеткен.
"Бәрі бір минут ішінде болды", - дейді мейрамхана иесі Антонио Родригес (Antonio Rodriguez). Ол келушілер туралы бар білгенін полицияға хабарлады. Әзірге полицейлер қашқындардың ешбірін қолға түсірмеген.
Родригестің сөзінше, мұндайды ол 35 жылда алғаш көріп отыр. Бұл оқиғадан мейрамханаға келген шығын 2000 еуроны құрайды.