Испанияда рэп орындаушы тұтқындалып, қалаларда жаппай тәртіпсіздік болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияда рэп орындаушы тұтқындалып, қалаларда жаппай тәртіпсіздік болды Photo: © Reuters

Испанияның бірқатар қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде ондаған адам ұсталды. Наразылық акциялары монархияны қорлағаны және солшыл радикал терроризмді дәріптегені үшін тоғыз айға бас бостандығынан айырылған рэп орындаушы Пабло Асельді қорғауға арналған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Испанияның бірқатар қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде ондаған адам ұсталды. Наразылық акциялары монархияны қорлағаны және солшыл радикал терроризмді дәріптегені үшін тоғыз айға бас бостандығынан айырылған рэп орындаушы Пабло Асельді қорғауға арналған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Каталонияда бірқатар қалада, соның ішінде Барселонада тәртіпсіздіктер болды, 29 адам ұсталды.

País газетінің хабарына қарағанда, Мадридте 14 адам ұсталды, кем дегенде бес полиция қызметкері жарақат алды. Испания астанасында наразылық білдірушілер арасында да зардап шеккендер бар.

© Reuters

Барселона мен Леридада сегіз адам жарақат алды. Жарақаттары негізінен жеңіл, бірақ екі адам ауруханаларға түсті.

© Reuters

Наразылық акциясы осы жолы да тәртіпсіздікке ұласты. Ондаған адам зардап шекті, 18 адам ұсталды. Барселона, Жирона, Льей, Вик және Реусте радикалдар контейнерлерді, мопедтерді аударып, өртеп жіберді, полицейлерге түрлі заттар лақтырып, витриналарды сындырды.

© Reuters

2015 жылы рэп орындаушы Асель солшыл радикал терроризмді дәріптегені үшін екі жылға шартты түрде сотталған болатын, бірақ 2018 жылы оған жаңа үкім шығарылды. Сот оның Twitter-дегі 64 жазбасында және YouTube-тегі бір видеода терроризмді дәріптейтін және монархия мен мемлекеттік институттарға жала жабатын мәлімдемелерге жол берілген деп санаған. 

Рэп орындаушы тоғыз айға бас бостандығынан айырылды, бірақ сот ісі бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде ол өткен жұмада, 12 ақпанда түрмеге өз еркімен баруы керек еді, бірақ ол бас тартып, дүйсенбіде 50-ге жуық жақтасымен Льей университетінде баррикадаланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети