Испанның "сыра королі" өлер алдында ауылдастарына миллион долларлап ақша таратты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© diariodeleon.es © diariodeleon.es

Испанияның солтүстігіндегі Сересалес дель Кондадо ауылының тұрғындарына миллиардер Антонино Фернандес сый жасады, - деп хабарлайды The Telegraph. Ол - Corona сыра брендінің негізін қалаған адам.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Испанияның солтүстігіндегі Сересалес дель Кондадо ауылының тұрғындарына миллиардер Антонино Фернандес сый жасады, - деп хабарлайды The Telegraph. Ол - Corona сыра брендінің негізін қалаған адам.

Антонино 1917 жылы 13 желтоқсанда көпбалалары отбасында дүниеге келген. Ол отбасындағы 13 баланың 11-шісі. Жанұясы кедей тұрмыс кешкен, 14 жасында бала мектептегі оқуын тастауға мәжбүр болған, себебі ата-анасының оны оқытуға жағдайы болмаған. 1949 жылы Антонино 32 жасында болғанда отбасымен бірге Мексикаға көшіп кетіпті. Мұнда оның тасы өрге домалап, Grupo Modelo сыра қайнату компаниясының бас директоры болады.


Антонино Фернандес туған ауылында. © diariodeleon.es


Гвадалахарадағы Corona сыра қайнатушы. © ABS.es

Биыл тамыз айында Фернандес 99 жасында қайтыс болған. Ол артында үлкен мұра қалдырыпты. Бизнесмен 209 миллион долларын өз туып-өскен ауылының әрбір тұрғынына қалдырыпты. Басылымның мәліметінше, бұл ауылда 80 адам өмір сүреді. Осылайша әрбір тұрғынға 2,6 миллион доллар берілген.


Сереcалес дель Кондадо ауылы. © dailymail.co.uk


Мұнда 80 адам тұрады. © dailymail.co.uk

Фернандес өз отанын ешқашан ұмытпаған филантроп болып есте қалды. Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос онығ қайырымды істерін атаған. Дон Антонионың балалары болмапты. Өз компаниясын ол жиеніне қалдырыпты. 


Антонино Фернандес өз әйелімен, әйелінің ағасы Grupo Modelo сыра қайнату зауытының қожайыны болған. © dailymail.co.uk 


Миллиардердің игі істерін Испания королі Хуан Карлос атап өткен. © dailymail.co.uk

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro