Италияда көпір опырылды: 20-дан аса адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда көпір опырылды: 20-дан аса адам қаза тапты

Генуяда автомобиль көпірінің қирағанын көрген куәгерлер 22 адам қаза тапқан оқиға алдында найзағай ұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генуяда автомобиль көпірінің қирағанын көрген куәгерлер 22 адам қаза тапқан оқиға алдында найзағай ұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, апаттың тағы бір себебі деп көпір конструкциясының әлсіреуі аталды. Автожолдарды басқару және күтім жасаумен айналысатын Autostrade per l'Italia компаниясының басшысы опырылған көпірдің апат жағдайында болмағанын хабарлады.

Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 22 адам қаза тапқан. Тағы сегіз адам жарақат алған, кейбірі ауыр жағдайдан жатыр. Он адам жоғалғандардың қатарында.

Генуедегі "Вилла Скасси" емханасына ауыр жарақат алған жеті адам жеткізілген. Сонымен қатар, апаттың куәгері болған әйелдер мен балаларға да дәрігерлердің көмегі қажеті болыпты.

"Алдағы мақсатымыз бүгін зардап шеккен адамдардың туыстарына жан-жақты, оның ішінде психологиялық көмек көрсету. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, әрмен қарай да талай жұмыс бар", - деді "Сан-Мартино" емханасында құрылған дағдарыс орталығының өкілі.

Еске салайық, Италияның батысындағы Генуя қаласында көліктер тұрған көпір опырылған. 20-дай көлік 70 метр биіктіктен құлаған.

 

 

Rainews24 телеарнасының мәліметінше, төтенше жағдай кезінде бірнеше көлік құлап кеткен. Үйінді астында адамдар қалып қалуы мүмкін екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети