Италиялық сот аш адамдарға тамақ ұрлауға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италиялық сот аш адамдарға тамақ ұрлауға рұқсат берді

Италияның Жоғарғы соты аш адамдардың тамақты ұрлауын қылмыс деп санаудан бас тартты. Бұл шешім украиналық баспанасыз жүрген Роман Остряковтың ісіне қатысты қабылданды. Ол осыған дейін екі тілім ірімшік пен шұжықша ұрлағаны үшін айыпталған болатын, - деп хабарлайды "Коммерсант" басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Оқиға 2011 жылы Генуяда болған. Остряков дүкеннен қалтасына ірімшік пен шұжықшаны салып, тек нан үшін ақша төлемек болды. Мұны дүкендегі басқа бір сатып алушы байқап, күзетшіге хабарлаған. Украиналықты алты айға қамау туралы үкім шығып, ол 100 еуро айыппұл төлеуге міндеттелген еді. Дегенмен қорғаушылар жағы үкімге шағым түсірді.

"Остряковтың ісі" Италияда үш сот кезеңі бойынша қаралды. Жоғарғы кассациялық сот істі қарап, ер адамның бұл ұрлыққа "тамақтануға қажеттіліктен" барғанын мойындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети