Италия 3 миллионға жуық адамның құқығын бұзды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия 3 миллионға жуық адамның құқығын бұзды деп айыпталды Фото:depositphotos.com / Фото автора stefano79.libero.it

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Италия Неаполь төңірегіндегі улы қалдықтармен ластанған аймақта тұратын 3 миллионға жуық азаматтың құқығын бұзды деп шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Италия Неаполь төңірегіндегі улы қалдықтармен ластанған аймақта тұратын 3 миллионға жуық азаматтың құқығын бұзды деп шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Италия билігіне заңсыз қоқыс үйінділерімен байланысты мәселені шешу үшін екі жыл уақыт берілген.

Италья билігінің айтуынша, ластанудың бір бөлігі мафиоздық "Каморра" тобына қатысы бар көпмиллиардтық қалдықтарды жою келісімдерімен байланысты.

"Еуропалық сот әділдігі бұл мәселенің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын, ал қоқыс үйінділері жерасты суларын улап, адамдардың денсаулығына зиян келтіретінін атап өтті", – делінген хабарламада.

Аталған істі Еуропалық Адам құқықтары сотына 41 италиялық азаматтан құралған топ бес аймақтық ұйымның қолдауымен жолдаған.

Бұл – Италияның улы қалдықтар мәселесін шеше алмауына байланысты Еуропалық сот тарапынан айыпталған алғашқы жағдай емес. 2014 жылы ел 40 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеген болатын, ол кезде бұл ЕО мүшесіне салынған ең ірі айыппұлдардың бірі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети