19 сәуір 2014 | 12:30

Италия Әблязовтың әйеліне саяси босқын мәртебесін берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды

Қазақстандық БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен оның қызына саяси босқын мәртебесі берілді, - деп хабарлайды  РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен оның қызына саяси босқын мәртебесі берілді, - деп хабарлайды  РИА Новости.

Қорғаушы Антона Джулио Ламаның айтуынша, мұндай шешім Женева конвенциясының босқын мәртебесіне сай қабылданып, енді итальялық билік өкілдері Шалабаева мен қызының әрі қарай тұру құқығын бес жылға ұзартты. Сондай-ақ Лама мұндай шешімді комиссия "Қазақстанда болып жатқан жағдайларға байланысты Шалабаева ханымның ізіне түсуі мүмкін, сондықтан да ол отанына қайта орала алмайды" деген негізде шығарғанын айта кетті. 

Қазақстан Әблязовты 6 миллиард доллар көлемінде қаржылық алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Әблязовтың өзі мен оның жақтастары, оны іздестіру саяси түрткі бойынша жүріп жатқанын айтады. Алма Шалабаева мен оның алты жасар қызын 2013 жылдың 31 мамырында Италиядан елге қарай жер аударған болатын. 

"Шалабаеваның" ісі бойынша Италияда үлкен саяси дау туындап, парламентте елдің ішкі істер министрі  Анжелино Алфаноға сауал жолданған. Ал 12 шілдеде Италияның ІІМ Шалабаеваны жер аудару туралы шешімін жойған. 

2013 жылдың 1 маусымынан бастап Шалабаева ешқайда шықпаймын деген сенім хатпен Алматыда болған. Желтоқсан айында Қазақстанның құқық қорғау органдары Римнің ресми үндеуінен кейін оның ешқайда шықпау туралы хаттамасын материалдық кепілге ауыстырып, одан кейін Италия елшілігі Шалабаеваға шенген визасын берді. 27 желтоқсанда Шалабаева кіші қызымен Римге ұшып келген, бірақ көп ұзамай ол үлкен қызы тұратын  Швейцарияға кетіп қалған.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети