Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, бір түнде 892 адам қайтыс болды. Алайда елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Бореллидің айтуынша, елде вирусты жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелген, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгінде 75 528 италиялық вирус жұқтырған, бір тәулікте 1648 адам коронавирус індетін жұқтырған", - деді Борелли.
Соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 3 мыңнан түспеген. Науқастардың коронавирусты жұқтыру бойынша төмен көрсеткіші 10 наурыздан бері тіркелмеген.
"1590 адам жазылып шықты. Ал жалпы - 14 620 науқас вирустан емделіп шықты. Бұл - эпидемия басталғаннан бері рекордтық көрсеткіш", - деп мәлімдеді Борелли.
Бореллидің сөзінше, қайтыс болған және емделіп шыққан науқастарды қосқанда жалпы 101,7 адам коронавирусты жұқтырған.
Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 31 наурыз сағат 00.10-дегі жағдай бойынша мәлімет таратты.
"Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Ақмола облысында 1 жағдай тіркелді", - делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстанда 308 адам коронавирус жұқтырған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!