08 наурыз 2020 14:32

Италияда коронавирусқа байланысты 14 провинция жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда коронавирус тарап жатқан 14 провинция жабылды. Ол жаққа кіруге де, шығуға да болмайды, - деп хабарлайды РИА Новости


Италияда коронавирус тарап жатқан 14 провинция жабылды. Ол жаққа кіруге де, шығуға да болмайды, - деп хабарлайды РИА Новости

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте 8 наурызға қараған түні Ломбардия аймағы мен 14 провинцияда қозғалысқа, кіру мен шығуға шектеу қою туралы декретке қол қойды. 

Декрет Эмилия-Романья, Марке, Пьемонт, Венето (Венеция) облыстарына кіретін провинцияға қатысты болып отыр. DW мәліметі бойынша, бұл аймақтарда ел халқының төрттен бір бөлігі тұрады. 

Бұл аймақтарда музейлер, галереялар және басқа да мәдени орындар жабылады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда коронавирустан бір тәулікте 36 адам қаза тапты. Елде вирустан қайтыс болғандар 223-ге жеткен. Бір тәулікте 1,2 мың адам вирус жұқтырған, қазір елде олардың жалпы саны 5,8 мың адам болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети