Италияда коронавирусқа шалдыққан қарттарды ешкім емдемейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда коронавирусқа шалдыққан қарттарды ешкім емдемейтін болды ©REUTERS

Италияда коронавирусқа шалдыққан қарт адамдарды ешкім емдемейтін болды, - деп хабарлайды The Telegraph.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италияда коронавирусқа шалдыққан қарт адамдарды ешкім емдемейтін болды, - деп хабарлайды The Telegraph.

Басылымның мәліметінше, жергілікті шенеуніктерде ауруханаларда орын жетпеген жағдайда ем алмайтын науқастардың тізімі жазылған құжат бар.

Құжатта 80 жастан асқан және бестен аса созылмалы ауруы бар қарт адамдардың емделмейтіні айтылады. Сондай-ақ, науқастардың жансақтау бөлімінен соң қайта қалпына келуі қаншалықты мүмкін екені ескеріледі дейді.

"Міндетті түрде бұл талаптарға сай келу керек. Бұл құжат науқастар саны көбейген жағдайда кімді емдеу қажет екенін таңдауға көмектеседі", - деді денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі кеңесші Луиджи Икарди.

Құжат енді заңды күшіне енеді.

Еске салайық, мұның алдында Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Елде дерттен өлім құшқандардың саны 2 мыңнан асып кетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети