Италияда өртенген яхта туралы не белгілі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Жерорта теңізінде 17 адам отырған яхтаның өртенгені хабарланды. Оның сегізі қазақстандық турист болған. Tengrinews.kz тілшісі Италияда өртенген яхта туралы мәлімет жинап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Жерорта теңізінде 17 адам отырған яхтаның өртенгені хабарланды. Оның сегізі қазақстандық турист болған. Tengrinews.kz тілшісі Италияда өртенген яхта туралы мәлімет жинап көрді.

Ұзындығы 47,5 метр Lady MM яхтасын 2003 жылы ISA Yachts компаниясы шығарған және соңғы рет 2013 жылы қайта жаңартылған екен. Интерьерін Джанет Леро, ал сыртқы дизайнын архитектор Вальтер Франкини әзірлеген. Lady MM яхтасының 5 түрлі каютасы (мастер-люкс, VIP-каюта және үш екі орындық каюта) бар және соған 10 қонақ пен экипаждың 9 мүшесі сыюы мүмкін.

"Тозақтан 17 адам құтқарылды". Италияда өртенген яхта туралы БАҚ не жазды?


perfectyachtcharter.com

Кемеде 5 бөлме бар, онда 10-ға жуық қонақ сыяды.

Жатын бөлмесі (баскаюта) / perfectyachtcharter.com

Жуынатын бөлме/ perfectyachtcharter.com

Қонақ бөлмесі / perfectyachtcharter.com

Палубада джакузи бар, ал кабиналарда кондиционерлер бар, сондай-ақ, бүкіл яхтада интернет қосылған. Оған қоса, кемеде жеке жаттығу залы бар екені айтылады.

Спа-бассейн / perfectyachtcharter.com

skylounge/ perfectyachtcharter.com

Бұрын бұл яхта 360 деп аталған екен. Boat International порталының мәліметінше, ол 2017 жылы сатылған. Бұрынғы иесі бұл яхта үшін 8,5 миллион еуро сұраған.

Vesselfinder.com сайтындағы мәліметтерге қарағанда, кеме маусым айында Монако мен Гольф-Жуанға (Канн маңындағы жер, Франция) барған. Ал тамыз айында яхта Сардинияның солтүстігіндегі Порто-Черво курортына баратын болған.

vesselfinder.com

Дәл қазірLady MM яхтасының өрт басталған кезде Капри аралынан Сардиния аралына бет алғаны ғана белгілі.

БАҚ мәліметінше, бортта 17 адам болған, оның ішінде қазақстандық сегіз турист және тоғыз экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы яхтадан өздігінен шыға алған. Жағалаудың күзеті келгенде олар кішкентай қайықта болған. Күзеттегілер оларды сол жақтан эвакуациялаған.

Өрттің себептері туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еске салайық, мұның алдында Италияда қазақстандықтар отырған яхтаның өртенгені туралы хабарланған болатын. Өрт басталғанда 50 метр Lady MM қайығы Капри аралынан Сардиния аралына қарай бағыт алғаны хабарланды. Жағалау күзеті түсірген видеодан қайық қара түтіннің астында қалып, суға батып жатқанын көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro