12 қаңтар 2017 12:45

Италияда сұлулық байқауының жеңімпазының бетіне бұрынғы жігіті қауіпті сұйықтық шашып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sonnikguru.ru © sonnikguru.ru

Италияда "Мисс Романья-2007" сұлулық байқауының жеңімпазы Джессика Нотароға шабуыл жасалды. Оны бұрынғы жігіті жасаған болып шыққан.


Италияда "Мисс Романья-2007" сұлулық байқауының жеңімпазы Джессика Нотароға шабуыл жасалды. Оны бұрынғы жігіті жасаған болып шыққан.

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз Римини қаласындағы ауруханада ауыр халде жатыр. Қаскөй күкірт қышқылын оның бетіне шашқан, дәрігерлердің айтуынша 28 жастағы әйел көзінен айырылуы мүмкін. 

Нотаро 2007 жылы өткен Романьедегі сұлулық байқауының жеңімпазы, осыдан кейін ол Италиядағы ұлттық сән байқауына қатысып ақтық мәреге де жеткен, - деп жазады bitfeed. Соңғы кездері ол Римини қаласындағы дельфинарийде жаттықтырушы болып жұмыс істеген. 

Күдіктіні іздеуге көп уақыт кетпеген. Ол оның бұрынғы жігіті - Кабо-Верде тумасы 29 жастағы Эдсон Таверс екені анықталған. 

Ер адам өзінің сүйгенін біраз уақыт бойы аңдып жүрген. Өткен жылдың тамыз айында қыз полицияға келіп, жігіттің зорлық қылғанын айтып, шағымданған. 

Әлеуметтік желінің қолданушылары осы жағдайға байланысты, күдіктіге өмір бойына жазалануын талап етіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети