18 қаңтар 2017 | 17:19

Италияда тағы да жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Alau.kz © Alau.kz

Рим қаласынан 103 шақырым жерде магнитудасы 5,6-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық сейсмологиялық орталыққа сілтеме жасап. Жер дүмпулерінің тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісі Астана уақытымен 16.25-те болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Рим қаласынан 103 шақырым жерде магнитудасы 5,6-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропалық сейсмологиялық орталыққа сілтеме жасап. Жер дүмпулерінің тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісі Астана уақытымен 16.25-те болды. 

Осылайша Италияда бүгін үшінші рет жер сілкініп отыр. Бұған дейін Римнен 97 шақырым жерде магнитудасы 5,3-ке тең және 109 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,7-ге тең жерасты дүмпулері тіркелген. 

РИА Новости мәліметі бойынша, әзірше қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы хабар жоқ. Соңғы дүмпудің эпицентрі Марке және Абруццо орталық аудандардың шекарасында орналасқан Аматриче қаласының маңында болды. Тамыз айында дәл осы қала маңында 6,1 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болып, 300-ге жуық адам көз жұмған болатын.

2016 жылы орталық Италияда үш қуатты жер сілкінісі болды. Алғашқысы 24 тамызда тіркелді. Оның слдарынан 299 адам мерт болған. 26 қазанда осы аймақта бірнеше жер асты дүмпуі болды. 30 қазанда 6,5 магнитудалы жер сілкінісі елдің төрт обысында - Марке, Умбрии, Лацио және Абруццода орналасқан 100 жуық елді мекендерге зиян келтірген еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети