Италияда вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Италияда 50 жастағыларға және одан асқандарға вакцинадан бас тартқаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Il Post басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Италияда 50 жастағыларға және одан асқандарға вакцинадан бас тартқаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Il Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ақпанның ортасынан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын немесе екі дозасын да алмаған, медициналық дәрі-дәрмекті қабылдамаған азаматтар 100 еуро (48 680 теңге) төлеуге міндеттеледі. Айыппұл салық басқармасынан келеді.

Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап 50-ден асқандар жұмыста вакцина құжатын көрсетуі қажет. Құжатты көрсетпесе, жалақы ала алмайды.

Азаматтар айыппұл туралы хабарлама алғаннан кейін вакцина алуды шешсе де, салық қызметіне айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

"Әлі де сақ болуымыз керек. Бірақ коронавирусқа қарсы жаңа кезеңді жоспарлауды бастадық", - деді Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца.

Үкімет қабылдаған қаулы бойынша айыппұл вакцина алмағандарға ғана емес, белгіленген мерзімде вакцинаны толық алмағандарға да салынады. Мысалы, бірінші дозасын алғандар, бірақ екіншісін алмағандарға салынады.

50 жастан асқан вакцина алмағандардың көп бөлігі Сицилияда тұрады, онда халықтың 11,3 пайызы вакцинаның бірінші дозасын да алмаған. Бұл көрсеткіш Калабрия, Абруццо, Валле-д'Аоста және Лигурияда да жоғары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro