Италялық тұрғын Pfizer фармацевтикалық компаниясының жергілікті бөлімшесін сотқа беріп, жарты миллион еуро өндіріп алды, - деп хабарлайды ANSA.
Италялық тұрғын Pfizer фармацевтикалық компаниясының жергілікті бөлімшесін сотқа беріп, жарты миллион еуро өндіріп алды, - деп хабарлайды ANSA.
60 жастағы Италья тұрғыны Паркинсон ауруы белгілерін жеңілдету үшін 2001 жылдан 2006 жылға дейін Cabaser препаратын қабылдаған. Осы жылдар аралығында ер адам гиперсексуализм және құмар ойындарға бейімдіктен зардап шеккен. Pfizer препараттың мұндай жанама әсерлері бар екенін нұсқаулықта тек 2007 жылы көрсеткен.
"Алғашқы белгілері препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болды. Мен шамадан тыс жыныстық қатынасқа бейім бола бастадым. Кейін құмар ойндарға үйір болдым", - дейді ер адам.
Сараптама дәрі-дәрмекті үнемі қолданған кезде дәл осындай жанама әсерлер пайда болуы мүмкін екенін растаған. Оның айтуынша, бес жыл бойы Cabaser-ді қабылдау оның өмірін түбегейлі өзгерткен. Құмар ойындары мен әйелдерге деген құштарлықтан ол 1802 несие картасын рәсімдеуге мәжбүр болған. Кейін ол жұмыс берушіден 100 мың еуро (шамамен 51 миллион теңге) ұрлаған. Сөйтіп жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Ер адам залал мөлшерін 500 мың еуроға (шамамен 256 миллион теңге) бағалаған және сот Pfizer Italia компаниясын өтемақыны төлеуге міндеттеген.
Жәбірленуші адвокатының айтуынша, сот бұл талапты 2020 жылдың наурызында қанағаттандырған. Бірақ бірқатар апелляция жұмыстарына байланысты үкім енді ғана жарияланған.
Бұған дейін Pfizer Мексика мен Польшада коронавирусқа қарсы вакцинаның жалған нұсқаларын тапқан болатын. Онда вакцина әжімдерге арналған дәрі ретінде "бүркемеленген".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!