10 наурыз 2020 09:34

Италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді

© REUTERS

Италия билігі елде карантин жариялады. Елде коронавирустың тарауына байланысты төтенше жағдай туралы Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді, - деп хабарлайды Euronews

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия билігі елде карантин жариялады. Елде коронавирустың тарауына байланысты төтенше жағдай туралы Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді, - деп хабарлайды Euronews

Енді Италия тұрғындарына үйден қажет жағдайда ғана шығуға кеңес беріліп, іс-шараларға тыйым салынып, оқу орындары жабылды.

Реклама
Реклама

"Ең дұрысы - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезінуіміз керек. Біз Ломбардиядағы жағдайға байланысты шараны бүкіл ел бойынша қолдануға шешім қабылдадық", - деп мәлімдеді Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте. 

Италияда коронавирусқа байланысты музей, кітапхана, бассейндер мен барлар жабылған. 10 наурыздан қабылданған шектеулер 3 сәуірге дейін жалғасады. 

ДДСҰ коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, соңғы тәулікте Италияда коронавирустың жаңа түрінен 97 адам қайтыс болған, олардың жалпы саны - 463. Италия вирусты жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орында - 9 мыңнан аса адам. Ал қайтыс болған адамдар саны бойынша бірінші орында. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram