25 желтоқсан 2020 | 09:59

Итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған: Лаки АҚШ-та қалай тұрып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/oneluckydog_ca Фото: instagram.com/oneluckydog_ca

Бұрынғы иесі тоңазытқыштың есігімен қылғындыруға тырысқан атыраулық Лаки атты ит АҚШ-та қамқор қожайын тапты. Tengrinews.kz тілшісі оны өзіне алған америкалықпен сөйлесті. Ол иттің жаңа үйге қалай бейімделіп жатқанын айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы иесі тоңазытқыштың есігімен қылғындыруға тырысқан атыраулық Лаки атты ит АҚШ-та қамқор қожайын тапты. Tengrinews.kz тілшісі оны өзіне алған америкалықпен сөйлесті. Ол иттің жаңа үйге қалай бейімделіп жатқанын айтты. 

Енді Лаки Қазақстаннан алты мың шақырымнан аса жерде жүр. Иттің Калифорнияда тұрып жатқанына 13 күн болды. Бұл уақыт толықтай бейімделу үшін жеткіліксіз, бірақ Эленнің айтуынша, Лаки жаңа қожайындарына сенеді және ең бастысы сол. 

"Ол өте сүйкімді, әрдайым менімен және ұлыммен жүргісі келеді. Мен әлі күнге дейін Лакиді бақылап, зерттеп жүрмін, ол шынымен ақылды, отыруды, "жоқ" дегеннің не екенін үйреніп жатыр. Ол қатыгездіктен эмоционалдық күйзеліс алған, бұл көп шыдамдық пен уақытты қажет етеді. Ол қараңғыдан қорқады және бізді көрмесе қиналады. 

Мен Лакидің табанына қолымды тигізгенде ол өте ыңғайсызданады, сондықтан оның қауіпсіздікте екенін және біз оған зиян тигізбейтінімізді көрсету үшін табандарын ақырын сипап, оған тамақ немесе бір қасық жержаңғақ майын беремін. Ол бастан кешкен оқиғасынан кейін адамдарға әлі де сенім білдіретіні таңғалдырады", - дейді Элен.

Ол Лакидің оқиғасын жаңалықтар мен әлеуметтік желілерден көрген. Элен осыдан кейін ит аман қалмайтын шығар деп қорыққанын мойындады.

"Сол кездегі ойым: олар жазықсыз жануарды азаптайтын болса, неге асырайды? Бұл адамға ешқашан басқа жануар алуға рұқсат етілмеуі керек".

Лакидің бұрынғы қожайыны не істегенін көргенде жүрегім ауырды. Сөйтіп @AnimalHopeandWellness-ке жүгіндім, Лаки тірі қалса, оны өзіме алдыруды ұсындым. Әйел менің жазбамды көріп, маған @SENfoundation.kz пе @help_animals_atyrau-ға хабарласуға кеңес берді. Галина маған жауап беріп, Лакиді Калифорнияға әкелуге көмектесті", - дейді Элен.

АҚШ-та жануарлар құқығын қорғау туралы заңдар қатаң - түрмеге дейін барады. Бірақ Эленнің айтуынша, әрдайым олай болмаған. Мұның бәрі адамдардың немқұрайды қарамауы мен олардың билікке деген талабының арқасында.

"Менің басқа да жануарларым ақырындап Лакиге үйренісе бастады. Менде Шабдалы атты итім бар. Ол алты жаста және ол кішкене ханшайым. Менің смокингтегі қара-ақ мысығымның аты Скизикс, ол бәрін жақсы көреді.

Сұр мысығымның аты - Спарклс, ол шамамен 10 жаста. Оған тек адамдар ұнайды, сондықтан Лакидің онымен достасатынына күмәнім бар", - деп күледі Элен.

Қазір Элен күн сайын Калифорниядағы Лаки өмірін әлеуметтік желілерде бөлісіп отырады. Суреттерге қарағанда, қазір оның жайлы жататын жері мен ойыншықтары бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @oneluckydog_ca

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети