Юлдуз Усманова Гүлнара Каримоваға әнді тапсырыспен жазғанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлдуз Усманова Гүлнара Каримоваға әнді тапсырыспен жазғанын мойындады

Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова Intervyu TV телеарнасына берген сұхбатында Гүлнара Каримова мен оған арналып, тапсырыспен жазылған ән жайлы айтып берді, - деп хабарлайды repost.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова Intervyu TV телеарнасына берген сұхбатында Гүлнара Каримова мен оған арналып, тапсырыспен жазылған ән жайлы айтып берді, - деп хабарлайды repost.uz.

Басылымның мәліметінше, журналистер әншіден неге 2013 жылы "Гулисан" әнін орындап, 2019 жылы Гүлнара Каримованы ұры деп атағаны жайлы сұрады. 

"Сіздерге бірдеңе айтайын. "Гулисан" әнін тапсырыспен орындадым. Мені өтірікші деп айтуларыңыз мүмкін, бірақ менің музыканттарым бар, солардан осы әнді қанша уақыт бойы түнге дейін отырып жазғанымызды сұраңыз. Ән тапсырыспен жазылды. Мен оған қарсы бірдеңе айта аламын ба? Мұнда менің немерелерім, қыздарым бар. Не айтатын едім? Содан мені елден қуып шықты. Барлығын тастадым. Сол кезде кім маған қорған болар еді?", - деді әнші сұхбатында.

Оның айтуынша, Гүлнара Каримоваға ешқандай реніші жоқ.

Юлдуз Усманова - Өзбекстанның халық әртісі. Репертуарында 600-ден аса әні бар. Өзбек, түрік, ұйғыр, қазақ, татар, орыс, тәжік, парсы және тағы басқа тілдерде ән айтады.

Басылымның мәліметінше, ол 2008 жылы Түркияға қоныс аударған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети