08 қараша 2016 18:20

Измирде жезөкшелер зейнетақы алу құқығына ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның батысында орналасқан Измир қаласында секс-индустриясының 500-ден аса қызметкері зейнетақы алу құқығына ие болды, - деп хабарлайды Haberturk телеарнасы.


Түркияның батысында орналасқан Измир қаласында секс-индустриясының 500-ден аса қызметкері зейнетақы алу құқығына ие болды, - деп хабарлайды Haberturk телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қаланың әлеуметтік қорғау комитеті 501 зейнеткерлік жасқа толған секс-индустриясының қызметкерінің өтінішін қабылдап, оларға сонымен қатар, тағы жезөкшелікпен айналысатын 1300 әйелге жұмыс берушілерді зейнетақы төлеу үшін зейнетақы қорына салым төлеуге міндеттеді.

Осыған дейін бұл әйелдер әлеуметтік қорғау органына өздерінің жұмыс берушілері жеті жыл бойы зейнетақы қорына қаражат аудармағанына байланысты, зейнетақы ала алмай отырғанын айтып, жезөкшелерді зейнетақы алу құқығынан айырып отырғанын айтқан. Әлеуметтік қорғау комитеті осындай жағдайға тап болған 1800 әйелдің құқығы бұзылғанын алға тартып, жұмыс берушілерге айыппұл салып, оларға салым салуды міндеттен. 

Түркияда жезөкшелік заңмен рұқсат етілген. Түркия заңы бойынша, жезөкшелікпен айналысқысы келген әйел тіркеуден өтіп, идентификациялық арта алу тиіс, сонымен қатар денсаулығының дұрыстығын дәлелдейтін қағазы болуы керек. Алайда Түркияда жезөкшелердің көбісі тіркелмеген, себебі муниципалды органдар әйелдердің тіркелмесі үшін кедергілер жасап қойған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети