Израиль армиясы қалалардағы соғыс қимылдарының аяқталғанын хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль армиясы қалалардағы соғыс қимылдарының аяқталғанын хабарлады Фото: instagram.com/idf

Израиль қорғаныс күштері (ИҚК) елдің бүкіл аумағындағы бақылауды қалыпқа келтірді. Бұл туралы Израилдің қорғаныс күштері баспасөз хатшысы контр-адмирал Даниел Хагари мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Хагари соңғы бірнеше сағатта әскерлер мен палестиналық содырлар арасындағы қақтығыстардың "бірнеше" оқиғалары болғанын айтты. Оның айтуынша, Шаар-ха-Негев аймақтық кеңесінде әскерилер үш лаңкесті өлтірген, Беэреде бір адам, Холит пен Суфада бес адам, Алумимде төрт адам өлтірілген.

Хагаридің айтуынша, қазір ешбір қалада соғыс қимылдары жоқ.

"Ауданда әлі де лаңкестер болуы әбден мүмкін", - деді Хагари.

Хагари армия шекарадағы 24 қаланың 15-ін эвакуациялағанын және жақын арада эвакуациялауды жалғастыратынын хабарлады. Оның айтуынша, бұл кезеңде Сдерот эвакуацияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети