Израиль әскері Сирия шекарасындағы адамдарды атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль әскері Сирия шекарасындағы адамдарды атып тастады © LiveJournal

Израиль әскері Сирия шекарасынан елге өтіп кетпекші болған қаруланған адамдарды атып тастады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль әскері Сирия шекарасынан елге өтіп кетпекші болған қаруланған адамдарды атып тастады. 

Израиль қарулы күштерінің хабарламасында "әскерилердің Сириямен шекараға жақын маңда Голан шыңындағы "Альфа" тізбегін кесіп өтпекші болған қаруланған адамдарды байқағаны" жазылады. Сарбаздар оқ атқан. 

Оқиға салдарынан қаза тапқандардың бар-жоғы белгісіз. Сол хабарламада былай делінген: "1974 жылғы бөліну келісіміне сәйкес, Израиль егемендігіне қауіп төндірмекші болғандармен күресті жалғастырамыз". 

Сирия мен Израиль шекарасындағы Голан шыңында буфер аймағы бар, оны БҰҰ әскері бақылайды. Ол 1973 жылы Қиямет күні соғысынан кейін құрылған. "Альфа" тізбегі - еврейлер бөлігі, ал "Браво" - сириялық аймақ. Екі ел де шыңды өзінікі деп санайды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети