Израиль Газа секторына тағы да зымыран шабуылын жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль Газа секторына тағы да зымыран шабуылын жасады Фото: ©REUTERS

17 маусымда кешке Израиль қорғаныс әскері Газа секторындағы ХАМАС нысандарына зымыран шабуылын жасады, - деп хабарлайды Vesti.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 маусымда кешке Израиль қорғаныс әскері Газа секторындағы ХАМАС нысандарына зымыран шабуылын жасады, - деп хабарлайды Vesti.ru.

Бұл тараптар арасындағы атысты тоқтату туралы шешімнен кейін бір апта ішінде жасалған екінші шабуыл. Израиль Газа секторына алғашқы соққы 16 маусым, сәрсенбіде жасалды.

Associated Press басылымының мәліметі бойынша, Израиль Газа секторы аумағынан жарылғыш құрылғылар мен жанғыш заттары бар шарлар ұшырылуына жауап ретінде ХАМАС нысандарына шабуыл жасаған. Бұл еврей мемлекетінің аумағында өрт шығуына себеп болған. Палестиналықтардың мұндай шабуылдары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. 

Еске салайық, 10 мамырда Иерусалим, Бейт-Шемеш және елдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылын соққан болатын. Зымыранмен жасалған соққыларға жауапкершілікті ХАМАС әскері өз мойнына алды.

Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына Газа секторынан зымыранмен соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына қарымта жауап дейді Израиль тарапы. 21 мамырда Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатуға келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети