Израиль әскері "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралла өлтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Израиль әскері "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралла өлтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Израиль әскері өкілінің сөзінше, жуырда Хасан Насралла өлтірілген.
"Әуе күштері барлау қанаты мен қорғаныс жүйесінің нақты барлау басшылығымен Бейруттың Даха ауданындағы тұрғын үйдің астында, жер астында орналасқан Хезболланың орталық штабына соққы берді. Шабуыл Хезболланың жоғарғы басшылығы штаб пәтерде болған кезде және Израиль мемлекетінің азаматтарына қарсы террористік әрекеттерді үйлестірумен айналысып жатқан кезде жасалды", - деп жазылған хабарламада.
"Хасан Насралла бұдан былай әлемде терроризм жасай алмайды", - деп жазылған Израиль қорғаныс әскерінің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!