Израиль Иранға әуе шабуылдарын жасады: елде ерекше жағдай жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль Иранға әуе шабуылдарын жасады: елде ерекше жағдай жарияланды Фото: Clash Report

Израиль Иранға қарсы соғыс бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында тылда дереу ерекше жағдай енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль Иранға қарсы соғыс бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында тылда дереу ерекше жағдай енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios деректеріне сілтеме жасап.

ЦАХАЛ Иранға қарсы "алдын алу" әскери соққыларының басталғанын растады. Израиль операциясы "Арыстан күші" деп аталды. Әскерилер соққылар Тегеранның ядролық нысандарына бағытталғанын айтты – ондаған нысана жойылған.

Израиль әуе кеңістігін жапты және мектептегі сабақтарды тоқтатты.

"Израиль Мемлекетінің Иранға алдын ала соққы беруінен кейін алдағы уақытта Израиль Мемлекетіне және оның азаматтық халқына зымырандық және дрондық шабуыл жасалады деп күтіледі", – деді Кац.

Тегеранда өрт шықты – тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары жанып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, израильдік әскерилер Тегерандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) жоғары шенді командирлері тұратын пәтерлерге де шабуыл жасаған.

Иранның жоғары басшылығы құпия жиналыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды Clash Report.

Бұған дейін Тегеран егер Тель-Авив тарапынан шабуыл жасалса, олардың әскері өңірдегі АҚШ базаларына шабуылдайтынын мәлімдеген еді. Иран барлау министрі Израильге қарсы ғылыми және ядролық секторларға бағытталған ауқымды барлау операциясы жүргізіліп жатқанын айтқан.

Бұған дейін АҚШ Ислам Республикасындағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялаған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Израиль шенеуніктері АҚШ әріптестеріне Иранға қарсы әскери операция бастауға дайын екендерін ескерткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети