Израиль коронавирустың бесінші толқыны басталғанын хабарлады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль коронавирустың бесінші толқыны басталғанын хабарлады Сурет ©REUTERS

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет елде коронавирустың бесінші толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Jerusalem Post сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет елде коронавирустың бесінші толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Jerusalem Post сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, әзірге бұл штамды жұқтырғандар саны аз, бірақ күн сайын өсіп келеді.

"Әлемде бірінші болып шетелдіктерге Израильге кіруді шектедік. Біз уақыттан ұтып, бұл штамды Израильден мүмкіндігінше алыс ұстауымыз керек еді. Ол уақыт аяқталып жатыр. Омикрон қазірдің өзінде елде, Кнессеттен бастап балабақшаларға дейін тез тарайды. Жұқтырғандар саны әлі де аз, бірақ бұл өте жұқпалы нұсқа және бүкіл әлемде көріп отырғанымыздай, екі-үш күн сайын екі есе жылдамдықпен таралып жатыр. Бесінші толқын басталды деп айтуға болады", - деді премьер-министр.

Үндеуінде Беннетт халықтан бетперде киіп, әлеуметтік қашықты сақтауды сұрады. Сондай-ақ, жеке жұмыс берушілерден өз жұмысшыларына мүмкіндігінше, үйден жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрады. Ол жақын арада мемлекеттік сектор үшін қажет шешімдер қабылданатынын айтты. Беннетт ата-аналарды балаларына вакцина салдыруға шақырды.

"Балаға қарсы вакцина қауіпсіз. Бұл - ата-аналардың міндеті. Балаларыңызды омикрон штамынан сақтау керек. Бағымыз бар, барлығына қамқорлық жасайтын елде өмір сүреміз. Израиль үкіметі вакциналарды қолжетімді ету үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Кез келген жолмен сатып аламыз, бірақ сайып келгенде, жауапкершілік сізге, ата-аналарға жүктеледі", - деді ол.

Елде анықталған жағдай саны 175-ке жетті, бұл бір күн бұрынғыға қарағанда 40-қа көп. Осы 175 жағдайдың көпшілігі (113) Израильге шетелден, соның ішінде Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, БАӘ, Венгрия, Италия, Намибия, Танзания, Германия, Марокко, Испания, Сербия, Бельгия, Кипр және Түркиядан келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети