Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді Фото: Reuters

Израиль қауіпсіздік кабинеті мүшелері Газа секторындағы атысты тоқтатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль қауіпсіздік кабинеті мүшелері Газа секторындағы атысты тоқтатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың баспасөз хатшысы мәлім етті.

Көп ұзамай ХАМАС діни қозғалысы да ұрыс қимылдарын тоқтатуға дайын екенін білдірді. Қозғалыс өкілі Израиль-Палестина арасындағы әскери әрекеттер басталғаннан 11 күннен кейін бітімге келгенін айтты.

"Атысты тоқтатуға өзара келістік, ол екі жақта да 21 мамырда жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 5:00-де) күшіне енеді", - деді ХАМАС басшысы Исмаил Ханияның Газадағы өкілі.

ХАМАС атыс тоқтауын "Палестина халқының жеңісі" деп атады.

"Палестиналықтардың қарулы қақтығысы Израиль тарапы тоқтағанша жалғасады", - деді ХАМАС өкілі.

Израиль өз кезегінде Газа Израиль аумағына зымыран шабуылдарын жасаса, атыс қайта жалғасатынын ескертті.

Еске салайық, Израиль мен ХАМАС арасындағы қарулы қақтығыс 10 мамырда басталған, оған Израиль билігінің бірнеше араб отбасын Иерусалимдегі үйінен шығару туралы шешімі себеп болған. Сол күні ХАМАС Израиль аумағына зымыранмен шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторын атқылай бастаған.

Бұл қақтығыс салдарынан екі тарапта да көптеген адам қаза болған еді, оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети