Израильде алпыс мыңға жуық адам үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде алпыс мыңға жуық адам үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты DW.com

Израильде 4 ақпанда президент Нетаньяхудың реформаларына наразы 60 мыңға жуық адам үкіметке қарсы акцияға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде 4 ақпанда президент Нетаньяхудың реформаларына наразы 60 мыңға жуық адам үкіметке қарсы акцияға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең үлкен демонстрация сенбіде кешке Тель-Авивте, қаланың шығысындағы үкіметтік ғимараттар кешені маңында өткен.

The Times of Israe ақпаратына сүйенсек, демонстрация тек Тель-Авивте емес, Израильдің басқа қалаларында да өткен.

Наразылық Биньямин Нетаньяху үкіметінің жаңашылдықтарына қарсы бағытталған. Реформа бойынша Израильдің жоғарғы әділет сотының үкіметтің шешімдеріне қатысты өкілеттігі шектеледі, ал үкімет судьяларды іріктеуді бақылауға алады.

Айта кетейік, наразылықтар қаңтардың басынан бастап өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети