28 маусым 2021 | 09:24

Израильде дельта штамын жұқтырғандардың жартысы вакцина алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Израильде коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандардың жартысына жуығы Pfizer вакцинасын алған. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Израильде коронавирустың "дельта" штамын жұқтырғандардың жартысына жуығы Pfizer вакцинасын алған. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерек ел үкіметін ғимараттарда маска тағу туралы талапты қайта енгізуге және басқа шараларға баруға мәжбүр етті.

Израиль шенеуніктерінің алдын-ала мәліметі бойынша, коронавирустың жаңа жағдайларының 90 пайызға жуығы дельта штамынан туындаған. Сонымен қатар, вакцина салдырған 16 жасқа дейінгі балалар вирус жұқтырғандардың жартысына жуығын көрсетеді.

Өткен аптада Израиль үкіметі 12 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды вакциналау науқанын бастады, бұл мектеп оқушылары арасындағы аурудың күрт өсуіне байланысты.

REUTERS агенттігінің мәліметінше, Израильде сәрсенбіде коронавирустың "дельта" штамын жұқтыруы мүмкін не байланыста болған адамдардың барлығын карантинге жатқызу туралы шешім шығарылды. Бұл жағдайда адам бұрын вакцина салдырған немесе вирус жұқтырып, кейін айыққан болса да, иммунитеті бар болса да карантинге жатқызылады. 

Сонымен қатар, Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі карантинді бұзған балалардың ата-аналарына 5000 шекел (1540 АҚШ доллары) айыппұл салынатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Израильдің 9,3 миллион халқының шамамен 55 пайызы Pfizer-Biotech вакцинасының екі дозасын алған. Бұл аурудың күрт төмендеуіне, көптеген экономикалық шектеудің жойылуына әкелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети