Израильде карантинге байланысты барлық шектеу алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде карантинге байланысты барлық шектеу алынды © REUTERS

Израильде коронавирус жағдайының тұрақталуына байланысты барлық карантин шектеуі алынды, - деп хабарлайды Kan радиосы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде коронавирус жағдайының тұрақталуына байланысты барлық карантин шектеуі алынды, - деп хабарлайды Kan радиосы. 

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұған дейін 31 мамырға дейін қолданылған шектеулер коронавирустың төмен және тұрақты деңгейіне байланысты ұзартылмады.

Тек мекемелердің ішінде маска тағу ережесі қалды. 

"Жабық мекемелерде маскаларды міндетті түрде тағу туралы бұйрық басқа шешщім шыққанға дейін күшінде қалады", - деді ДСМ өкілі.

Қоғамдық және ойын-сауық мекемелерінің жұмысына қойылған шектеулер де алынды. Яғни дүкендер мен мейрамханалар бұдан былай COVID-19 вакцинациясы туралы құжатты талап етпейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети