Израильде коронавирустың жаңа штамын жұқтыру дерегі тіркелді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде коронавирустың жаңа штамын жұқтыру дерегі тіркелді Deutsche Welle

Израильде B.1.1.529 коронавирусының жаңа штамын жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде B.1.1.529 коронавирусының жаңа штамын жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа түрінің алғашқы дерегі Африкадағы Малавиден оралған адамда анықталғанын хабарлады. Министрліктің мәлімдемесінде шетелден оралған тағы екі адам коронавирустың осы түрінің тасымалдаушысы болуы мүмкін делінген. Билік олар карантинде екенін айтты. Жұқтырғандар толығымен екпе алғаны белгілі болды.

"Қазір төтенше жағдайдың алдында тұрмыз", - деді Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет.

Ел билігі жұқтырғандардың кіммен байланысуы мүмкін екенін білу үшін эпидемиологиялық тергеуді бастаған.

Ұлыбритания мен Израиль жаңа COVID-19 штамына байланысты халықаралық рейстерді шектеген. Израиль билігі Оңтүстік Африка ғалымдарының COVID-19-дың жаңа дерегін тапқанына сілтеме жасай отырып, өз азаматтарына Африканың оңтүстігіндегі сапарларға тыйым салатынын және осы аймақтан келген шетелдіктердің кіруіне тыйым салатынын мәлімдеді.

Бір күн бұрын ДДСҰ COVID-19 жаңа штамына байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Дереккөздер бойынша, ұйым сарапшылары B. 1.1.529 SARS-CoV-2 "алаңдаушылық тудыра ма" немесе "қызығушылық тудыра ма" деген сұрақты талқылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети