Израильде омикрон штамының жаңа түрі анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде омикрон штамының жаңа түрі анықталды Фото ©REUTERS

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі омикронның жаңа түріне байланысты елде 20-ға жуық жағдай тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі омикронның жаңа түріне байланысты елде 20-ға жуық жағдай тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасай отырып.

Басылым мәліметінше, BA2 деп аталатын штамм бірнеше елде бұған дейін де анықталған және омикронға қарағанда қосымша мутацияға ие. Қазір BA2 штамының өзінен де қауіпті ме, жоқ па деген сұраққа жауап жоқ.

"Қазір вирустың омикроннан гөрі қауіпті екенін көрсететін деректер жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі кез келген өзгеріс туралы хабарлайды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, BA2 алғаш рет Қытайда бірнеше апта бұрын анықталған және ол Үндістанда пайда болған деген болжам бар. Ол Дания, Аустралия, Канада және Сингапурде де анықталды. Кейінгі күндері Израиль вирус бойынша рекорд орнатып келе жатыр, күніне 12 мыңнан 48 мыңға дейін жаңа жағдай тіркеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети