Израильде синагога мінбері опырылды: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильде синагога мінбері опырылды: қаза тапқандар бар Видео кадры

Израильдің Гиват-Зеев елді мекенінде синагога мінбері қирады, оның ішінде ондаған адам болған. Шамамен 130 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израильдің Гиват-Зеев елді мекенінде синагога мінбері қирады, оның ішінде ондаған адам болған. Шамамен 130 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға иудей мейрамы - Шавуот мерекесін тойлау кезінде болған.  

"Сағат 19:14-те жедел жәрдем пультіне Иерусалимде ішінде ондаған адам бар мінбердің құлағаны туралы хабар келді", - деді "Маген Давид Адом" жедел жәрдем қызметі өкілдері.

Дәрігерлер 60-қа жуық зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр, оның ішінде, он адамның жағдайы ауыр.

Артынша тағы 130 адам эвакуацияланған. Полиция Иерусалим маңындағы Гиват-Зеевте жаппай дұға жасау кезінде ережелердің сақталуын тексеруді бастады. Бұл туралы Израиль полициясының ресми өкілі Михаэль Зингерман айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети