15 қаңтар 2021 | 10:12

Жалаңаш башқұрттарды бейнелеген суретшіге қысым көрсетіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уфа қаласының суретшісі Алена Савельева "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында башқұрт ұлттық киіміндегі жалаңаш адамдардың суреттерін жариялауына байланысты қысым көрсетіле бастағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Уфа қаласының суретшісі Алена Савельева "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында башқұрт ұлттық киіміндегі жалаңаш адамдардың суреттерін жариялауына байланысты қысым көрсетіле бастағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Савельева суреттерді Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған. 

"Маған мені және туыстарымды жасырынып қалсам да, бір жаққа кетіп қалсам да тауып алатындарын, жақындарым қиналатынын айтады. Олар өздерін журналист деп таныстырып, кездесу ұйымдастырмақ болады. Мен БАҚ-тың сайтына кіріп, сол адамның жазбаларын іздеп, оны таба алмадым", - дейді суретші. 

Оның айтуынша, кездесуден бас тартқан күннің өзінде оған қоқан-лоқы көрсетілген. 

Савельева бәрі белсенді Руслан Габбасов әлеуметтік желісіндегі парақшасында оның көзін құртуға шақырған жазбасынан басталғанын айтады. 

"Бұл қалжың емес, бұл башқұрттарды не башқұрт мәдениетін мазақ ету... Мен әлгі Алена шектен шықты деп есептеймін. Оған қатысты қандай да бір шара қолданыла ма?", - деді Ресей территориясында тыйым салынған "Бакорт" ұйымының жетекшілерінің бірі.   

"Бізді кертартпа, ақымақ, мәдениетсіз деп санайтындарға айтарым. Сіздер шынымен біз, башқұрттар, ислам дінін ұстанатындар, әлі күнге дейін отбасында үлкенге, қызға құрметпен қарайтындар, мәдениетін ерекше сақтағандар бізді осылай мазақ етіп қояды деп ойлайсыздар ма?", - деді Габбасов тағы бір жазбасында. 

Суретшінің өзі картиналары арқылы туған жерінің және жалаңаш дененің сұлулығын жеткізгісі келгенін айтады. Оның айтуынша, суретші өз өміріне қорықпайды, тек айналасындағылар үшін уайымдайды. Себебі көбі бұл жайттан бейхабар. 

Суретшінің сөзінше, ол полицияға шағымданған. Ол жерде пікірлер мен қоқан-лоқы көрсеткендердің скриншоты алынып, қылмыстық іс қозғалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети