23 қазан 2017 | 08:50

"Жалаңаш па?". Ислам Каримовтың қызы екіұшты сурет жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/lola_tillyaeva © instagram.com/lola_tillyaeva

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісіндегі парақшасында белден жоғары денесі жалаңаш көрінетін көйлекпен түскен суретін жариялады. Лола Каримова-Тилляева бұл суретіне қатысты былай деп пікір жазған: "Париждегі жағымды естеліктер", #theharmonist #fragrance #perfume. Сурет француз парфюмерлік брендінің проморолигіне арнайы түсірілгенге ұқсайды.

Иконка комментария блок соц сети

Sputnik Узбекистан басылымының мәліметінше, суретте Каримова-Тилляева жалаңаш тұрған жоқ, ол адам денесінің түсіндей арнайы көйлек киіп тұр. Алайда халықаралық ірі ұйымның республика атынан шыққан өкілі неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз, өйткені ол өз елінде нәзіктік пен кербездіктің үлгісі саналады. 

Өзбекстандықтар бұл суретке қатысты түрлі ой айтып жатыр. Біреулері мұндай көйлек киюдің еш сөлекеттегі жоқ екенін және нағыз фотоөнерге екіжүзділікпен қарамау керек екенін айтып жатса, басқалары Лола Каримова-Тилляеваның сыпайы екенін, сондықтан сіңлісі секілді мұндай суреттерді Желіге салмайды деп үміттенетінін жазған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети