Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласының мешіттеріндегі шабуылдан кейін полицейлер төрт адамды ұстады, біреуінің шабуылға қатысы жоқ, ол полиция операциясына қатысқысы келді. Бұл жайында елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости және New Zealand Herald газетіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, ер адамның жеке қаруы болған, ол керісінше құқық қорғау органдарына көмектескісі келген. Кейінірек оны босатты.
Сондай-ақ, Жаңа Зеландияның премьері осы оқиғадан кейін қару-жарақ заңдарын өзгерту қажеттігін мәлімдеді.
"Құқық бұзушының қаруды иеленуге лицензиясы болған", - деп мәлімдеді Ардерн.
Оның айтуынша, шабуылшы бес атыс қаруын, оның ішінде екі жартылай автомат және екі бытыралы мылтықты қолданған.
"Қазір тек бір нәрсені айта аламын: қару-жарақты бақылау жөніндегі заңдар өзгереді", - деді премьер-министр.
Ол қаруды ұстауға қатысты заңнаманы өзгерту әрекеттері 2005, 2012 және 2017 жылдары болғанын хабарлады. "Қазір өзгерістер уақыты келді", - деді Ардерн.
Оның айтуынша, Брентон Таррант әлем бойынша саяхат жасап жүрген және Жаңа Зеландияда да болып тұрған.
Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч округінің соты мешітке шабуыл жасаған адамды 5 сәуірге дейін қамауда қалдырды. Кезекші адвокат Ричард Питерс кепілге босату туралы арыз берілмейтінін мәлімдеді. Таррантқа кісі өлтірді деген айып тағылды.
Жұма күні Крайстчерчтегі екі мешітте атыс болды. Елдің полиция басшысы 49 адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін Сауд Арабиясынан келген 50-ші адам қайтыс болды.
Жаңа Зеландиядағы Кентербери өңірінің денсаулық сақтау басқармасы оқ жарақатын алған 48 адам ауруханада жатқанын хабарлады.