14 маусым 2019 | 09:43

Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуыл жасады деген күдікті айыппен келіспеді

Фото:instagram.com/stargazete

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге теракт жасады деп айыпталған аустралиялық Брентон Таррант тағылған айыппен келіспеді, оның ісі бойынша сот процесі 2020 жылы 4 мамырда басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге теракт жасады деп айыпталған аустралиялық Брентон Таррант тағылған айыппен келіспеді, оның ісі бойынша сот процесі 2020 жылы 4 мамырда басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Stuff ақпараты бойынша, ерекше тәртіптегі түрменің жеке камерасында отырған Тарант сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал оның айыппен келіспейтінін адвокаттар жеткізді. 

Реклама
Реклама

Тарантқа лаңкестік пиғылмен 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған. 

Еске салсақ, 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалған еді. Полиция ақпараты бойынша, сол шабуылдың салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 50-і зардап шеккен. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн шабуылдың теракт екенін айтқан болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная