Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін ұсталған үш адамның лаңкестікке қатысы жоқ деп есептейді. Бұл туралы елдің бас полицейі Майк Буш мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін ұсталған үш адамның лаңкестікке қатысы жоқ деп есептейді. Бұл туралы елдің бас полицейі Майк Буш мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Терактіден кейін полиция төрт адамды ұстады - үш ер адам бір әйел. Оның ішінде Аустралия азаматы 28 жастағы Брентон Таррантта (Brenton Tarrant) бар. Оған адам өлтіру бойынша айып тағылған. Ол 5 сәуірге дейін қамауда болады. Тағы бір мәлімет бойынша, ол 37 беттік "манифест" жазған. Ол жақта өзінің мақсаттарын айтқан.
Буштың айтуынша, полиция тағы бір ер және әйелді ұстаған, олардың көлігінен қару табылған. Әйелді дереу бостандыққа жіберген, ер адамға "қару-жараққа қатысты" заңға қайшы әрекетке барғаны үшін айып тағылды.
Үшінші ұсталған адамға нәсілдік кемсітушілік бойынша айып тағылған және ол дүйсенбіде сот алдында жауап береді. "Қазіргі уақытта біз бұл адамдардың шабуылға қатысы жоқ деген ойдамыз", - деді Буш.
Жаңазеландиялық полицияның басшысы оқиға орнын тінтіп шыққан мамандар тағы бір адамның денесін тапқанын айтты. Оның айтуынша, бұл шабуыл салдарынан қаза тапқан 50-ші адам. Тағы 50 адам зардап шеккен, оның 36-сы ауруханада жатыр екен. 11 адам ауыр халде жатыр.
Еске салайық, 15 наурызда таңғы уақытта Крайстчерч қаласында атыс болды. Шабуыл таңғы уақытта жасалған, ол уақытта мешітте бірнеше жүздеген адам болған. Осыдан кейін мешіттерге қаруланған жасақ шақырылып, барлық мектеп пен жақын маңдағы көшелер жабылған. Жергілікті әуежай рейстарды кейінгі қалдырды. Авиациялық қауіпсіздік өкілдері терминалдарда тексеріс жұмыстарын күшейткен.
БАҚ беттерінде күдікті Брентон Тарранттың суреті жарияланды
Кейін Жаңа Зеландияның премьері күдіктінің расында да Аустралия азаматы екенін растады. Сондай-ақ, премьер-министр Джасинда Ардерн осы оқиғаға байланысты төрт адам ұсталғанын айтты. Оның айтуынша, күдікті Таррантаның екі сыбайласы болған. Ал төртінші ұсталған күдіктінің бұл жағдайға қатысы жоқ екен.
Қаскүнем Брентон Таррант мешіттердің біріне жасаған шабуылын әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден көрсеткен.
Жаңа Зеландияның полицейлері қаскүнемнің түсірген видеосын жарияламауды сұраған. Мешіттегі адамдардың бірі шабуыл кезінде қашу үшін шыны есіктерді бұзған. Тірі қалғандардың бірі лаңкестен тығылу үшін орындықтың астына жасырынғанын айтқан.
Very disturbing news from New Zealand this morning pic.twitter.com/H5nrrxWB8V
— Donna Hedges (@hedgesdonna) 15 марта 2019 г.
Премьердің баспасөз мәслихаты аяқталуға жақын қалған кезде Оклендтегі вокзалда жарылыс болған. Айта кетейік, Окленд қаласы шабуыл жасалған Крайстчерчтен мың шақырым қашықтықта орналасқан. Кейін ол жарылыстың себебі анықталды.
Осыған дейін Жаңа Зеландияда жаппай адам өлтіру оқиғасы 1990 жылы болған екен, ол кезде Арамоана ауылында бір қаскүнем 24 сағаттың ішінде 13 ер адам мен әйел адамды және баланы өлтірген. Кейін полицейлер оның көзін жойған.
40 killed as gunmen open fire in two mosques in New Zealand's Christchurch#Christchurch #ChristchurchMosqueAttack #NewZealandShooting #ChristchurchShooting #NewZealand pic.twitter.com/vndxknkmjM
— Capital TV (@CapitalTV_News) 15 марта 2019 г.