Жапаров Атамбаевтың бостандыққа шығуына пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың бостандыққа шығуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың бостандыққа шығуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер шешімді сот пен құқыққорғау органдары шығарса, демек сол шешімге бағынуымыз керек. Заңға бағынып өмір сүруді үйренуіміз керек. Былтыр ол (Атамбаев-еск.) қазан оқиғалары бойынша, мектеп салу және шетелдік азаматтарға паспорттарды заңсыз беру туралы іс бойынша ақталып шыққан болатын. Сол кезде де соттың шешімі маңызды екенін атап өткен болатынбыз. Қазір де сол ұстанымдамыз", - дейді Жапаров.

Президент түрмеде отыруды қас сжауына да тілемейтінін атап өтті.

Еске салайық, 14 ақпанда Қырғызстан Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев бостандыққа шыққанын хабарлаған едік. Оған Бішкек Первомай аудандық сотының шешімімен емделу үшін шет елге шығуға рұқсат берілді.

Алмазбек Атамбаев 2020 жылғы маусымда 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жыл 8 айға сотталған қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шығуына көмектесті деген айыппен сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer