Жапония Беларусь үкіметіне қарсы санкция жариялауы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония Беларусь үкіметіне қарсы санкция жариялауы мүмкін Токио мұнарасы. Фото: РИА Новости

Жапония Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Парламенттің Бюджет комитетіндегі тыңдауда сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресейдің Украинаға басып кіруі мәселесі бойынша: халықаралық қауымдастықпен, бірінші кезекте G7 елдерімен тығыз ынтымақтастықтамыз. Беларусь өз территориясын Ресей әскерлерінің пайдалануына рұқсат берді және Ресейдің әскери әрекеттерін қолдайды. Жапония бұл елді қатаң айыптайды.

Америка Беларусь азаматтарына қарсы санкциялар салып үлгерді, сондай-ақ "жетілік" елдері санкцияларды қолдап жатыр. Жапония да осы елдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне және басқаларға қарсы санкция салуды қарастырып жатыр", - деді Хаяси.

Агенттік мәліметінше, бұған дейін президент Александр Лукашенко "Украина өз проблемаларын Беларуське жүктемеуі керек, Минскінің Ресей операциясындағы рөлі - Ресей әскерінің соққыға ұшырауын болдырмау" деді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети