Жапония коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін алып тастайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін алып тастайды Фото ©REUTERS

Сарапшылар комитетінің отырысы кезінде Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга коронавирсқа байланысты 30 қыркүйекке дейін қолданыста болған төтенше жағдай режимі толық жойылғанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар комитетінің отырысы кезінде Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга коронавирсқа байланысты 30 қыркүйекке дейін қолданыста болған төтенше жағдай режимі толық жойылғанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимі 47 префектураның 19-ына қойылған: Хоккайдо, Гифу, Айти, Миэ, Сига, Хиросима, Токио, Канагава, Тиба, Ибараки, Тотиги, Гумма, Сайтама, Сидзуока, Осака, Киото, Хёго, Фукуока, Окинава. Тағы сегіз префектураға коронавирус бойынша күшейтілген режим енгізілген.

"Вакцинация науқаны, сондай-ақ антиденелерден тұратын препаратты қолдану жалғасып жатыр, бұл жаңа инфекция жұқтыру жағдайында да тұрғындарға тұрақты медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді", - деп қосты Суга.

Төтенше жағдай режимінің жойылуына қарамастан, жеңілдету біртіндеп енгізіледі деп болжанған. Бастапқыда бірінші ай ішінде ірі іс-шараларға қатысушылардың барынша рұқсат етілген саны бойынша шектеуді 5 мың адамнан аспайтын немесе көрермендердің жалпы санының 50 пайызынан 10 мыңға дейін немесе көрермендердің жалпы санының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде ұлғайтуға рұқсат беріледі. Сонымен қатар, вирустың таралуын болдырмау жөніндегі шараларға қатысты растау рәсімінен өткен мекемелерге кешкі 9-ға дейін жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі. Қазір мейрамханалар, барлар мен кафелер кешкі сегізге дейін жұмыс істейді.

Соңғы алты айда, 4 сәуірден бастап, төтенше жағдай режимі немесе коронавирусқа қарсы күшейтілген шаралар режимі Жапонияның 47 префектурасының кем дегенде біреуіне таралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети