Жапония омикрон штамына байланысты шектеулерді күшейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония омикрон штамына байланысты шектеулерді күшейтті © REUTERS

Жапония билігі эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты коронавируспен күрес шаралары күшейтілетін өңірлер санын екі есе арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония билігі эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты коронавируспен күрес шаралары күшейтілетін өңірлер санын екі есе арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау жөніндегі үкіметтік комиссия тағы 18 өңірде бұдан да қатаң шаралар қолдану туралы келісімге қол қойды, оның ішінде Осака және Киото батыс префектуралары да бар. Бұл шаралар омикрон туғызған инфекциялар мен ауруханаға жатқызу санының өсуіне жауап ретінде қабылданды. Дүйсенбіде Жапонияда 44 мыңнан аса жаңа жағдай тіркеліпті.

©REUTERS

Шектеулер бейсенбіден, 27 қаңтардан 20 ақпанға дейін қолданылады. Режим тамақтану орындары мен басқа мекемелердің жұмысын шектеуді, сондай-ақ бұқаралық шараларды өткізуді шектеуді қамтиды. Жаңа шаралар аясында мейрамханаларға 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, егер мекемелер алкоголь сатса, онда олар бір сағат бұрын жабылуы керек - 20.00-де.

©REUTERS

Ресми түрде, шешімді кешке премьер-министр Фумио Кисида бастаған үкіметтік жұмыс тобы бекітеді.

Бұған дейін Жапонияда омикрон коронавирус штамы үш қауіп деңгейінің ішіндегі ең жоғарысы - "алаңдаушылық тудыратын нұсқа" (VOC) тағайындалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети