Жапония премьер-министрі отставкаға кеткісі келеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония премьер-министрі отставкаға кеткісі келеді - БАҚ Фото: РИА Новости

Жапония үкіметін ұзақ басқарған премьер-министр Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кетуге ниетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония үкіметін ұзақ басқарған премьер-министр Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кетуге ниетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жалғасы

NHK телеарнасының мәліметінше, өткен аптада Синдзо Абэ Токиодағы ауруханаға барған. Кейін бір аптадан соң 24 тамызда ауруханаға қайта барыпты. Үкімет басшысы бұл жағдайды денсаулығына байланысты талдау нәтижелерін алу үшін деп түсіндірген.

Дәрігерлер Синдзо Абэге "ойық жаралы колит" диагнозын қойған. Бұл - тоқ ішектің шырышты қабығының созылмалы қабынуы. Бұл ауру Абэнің  2006 жылы отставкаға кетуіне себеп болған. Алайда кейін оның денсаулығы жақсарып, 2012 жылы Жапония премьер-министрі болып қайта сайланған.

24 тамызда Синдзо Абэнің үкімет басшысы қызметін атқарғанына 2799 күн болған. Бұл жапон премьер-министрлерінің ішіндегі ең ұзақ мерзім болып саналады.

Осы аптаның басында премьер-министр баспасөз мәслихатын өткізетінін жариялаған. Бірақ ондағы тақырып жаңа коронавирус инфекциясына байланысты болды.

NHK телеарнасының мәліметінше, дүйсенбіде Абэ созылмалы ауруының асқынғанын білген. Осыған байланысты жапониялық үкімет басшысы "саяси шешімдер қабылдауға денсаулығы әсер етпеуі" үшін отставкаға кетуге шешім қабылдаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети