Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр Фото: РИА Новости

Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Фумио Кисида мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ресейліктер капиталы бұғатталып, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салынады.

"Қаржы ұйымдарының активтері бұғатталып, әскери мақсатта пайдалануға болатын тауарлардың тізімін экспорттауға тыйым салынып жатыр", - деп қосты Кисида 25 ақпанда шұғыл шақырылған баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, премьер-министр Токио ресейлік ұйымдарға әскери өнеркәсіпке байланысты жартылай өткізгіштерді экспорттауға шектеулер енгізіп жатқанын айтты.

Депутаттар, байлар мен банктерге шектеу. Ресейге қай елдер санкция салды?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети