Жапония Солтүстік Кореяның зымырандарынан қауіп барын ескертті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Солтүстік Корея 24 наурызда ұшырған құрлықаралық баллистикалық зымыран АҚШ-тың кез келген жеріне жетуге қабілетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo News+ арнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Корея 24 наурызда ұшырған құрлықаралық баллистикалық зымыран АҚШ-тың кез келген жеріне жетуге қабілетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo News+ арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында қорғаныс министрі Нобуо Киси мәлімдеді. Оның айтуынша, Пхеньянның зымыран ұшыруы Жапония мен халықаралық қауымдастықтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді, бұл алдыңғы зымыран ұшыру сериясымен салыстырғанда басқа өлшемге ауысқан.

"2017 жылдың қарашасынан бері Солтүстік Корея ұшырған зымыран егер қалыпты траекториямен жүрсе, 15 000 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, АҚШ-тың бүкіл материгіне, соның ішінде шығыс жағалауына жетуге қабілетті", - деді Киси.

©REUTERS 

"Біз Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына жол бермеуіміз керек, бұл әлем Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына назар аударып тұрған кезде халықаралық қауымдастыққа қарсы арандатушылықты күшейтуі мүмкін", - деп қосты Киси.

Бұл ретте Жапония Сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси ел билігі Корей түбегін толық ядролық қарусыздандыру үшін Америка Құрама Штаттарымен екіжақты және үшжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын растағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro