Жапонияның он үш әуекомпаниясы 589 ұшу рейсін тоқтатқанын хабарлады. Себебін олар елдің орталық және оңтүстік батысына келе жатқан сұмдық "Джеби" тайфунымен түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Әуе тасымалдаушылары Кансай және Осака, Кобе секілді елдерге баратындардың рейсін тоқтатуға мәжбүр болған. Тоқтатылған рейстердің саны әлі күнге дейін өсіп жатыр.
Ең үлкен West Japan Railway Company мен теміржол компаниялары жоғары жылдамдықтағы пойызда Синкансэн, Осака, Хиросима, сондай-ақ Хонсюдың Сикоку аралымен байланыстыратын қалаларға аттанған жолаушыларды кері қайтаруға мәжбүр болып жатыр.
Қазіргі уақытта тайфун Жапонияның оңтүстік-шығысына қарай жақындап келеді және солтүстікке қарай жылжиды. Сөйтіп, сәрсенбі күні таңертең тайфун бүкіл ел аумағынан өтеді. Тайфунның орташа қысымы 945 гектопаскаль. Желдің қуаты секундына 45 метр, ал табиғат апаты кезінде секундына 60 метрге дейін жетеді. Метеорологтар бұл құбылысты биылғы ең қуатты тайфун деп атады. Оған 21 сериялық нөмір берілді.