Сагамихара қаласындағы мүгедектер үйінде 19 адамды өлтірген Сатоси Уемацу тергеушілерге "ауыр сырқаттанған адамдарды құтқардым" деп мәлімдеген. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Полиция көлігінде отырып, Уемацу журналистерге қарап күлімсіреп, осы сөзді айтқан.

Тергеу жүргізілген күні күдікті өзінің әрекетін "көптеген аурулармен ауыратын ауыр сырқаттанған адамдарды құтқардым" деп, өкінбейтіндігін айтқан. Сонымен қатар ол, "шын жүректен өлгендермен қоштаса алмаған адамдардың отбасыларынан кешірім сұрайтынын" айтқан.
Еске салайық, кеше, 26 шілдеде Токионың батысындағы Сагамихара қаласында (Канагава перфектурасы) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мекемеге қарулы шабуыл жасалған. Полиция 19 адамның қаза тапқанын хабарлады, тағы 45-і жарақат алған.
Шабуылдаған 26 жастағы ер адам Сатоси Уемацу өз кінәсін мойындаған. Ол түнгі 2.30-да шабуылдап жарты сағаттан кейін полицияға өзі келіп беріліпті. Ер адам құқық қорғау органдарына бұған дейін осы интернатта жұмыс істегенін айтқан. Оның бұл іске неліктен барғаны айтылмайды. Сатоси Уэмацу бұл интернаттан жарты жыл бұрын, ақпанда жұмыстан өз қалауымен шығып кетіпті. Ол интернатта үш жыл жұмыс істепті. Қазіргі уақытта оның жұмысы жоқ екен. Айта кетейік, бұл интернатта 19-75 жас арасындағы 149 адам тұрып жатыпты.