Жапонияда рекордтық жылдық бюджет бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда рекордтық жылдық бюджет бекітілді Фото:elements.envato.com

Жапонияның министрлер кабинеті 2021 жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады. Бұл қаражат көлемі бойынша рекордтық бюджет болып саналады, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияның министрлер кабинеті 2021 жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады. Бұл қаражат көлемі бойынша рекордтық бюджет болып саналады, - деп хабарлайды Reuters.

Дереккөз мәліметінше, Жапонияның бюджеті осымен тоғызыншы жыл қатарынан үздіксіз өсіп келеді. Алдағы жылдың бюджетіне 1,03 триллион доллар қарастырылған. Ол биылғы бюджеттен 38 миллиард долларға артық.

"2021 жылы жапон үкіметі шығындардың көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл - ел тарихындағы ірі шығын. Бұл әлеуметтік және денсаулық сақтау саласына бөлінетін төлемдермен байланысты.

Премьер-министр Йошихидэ Суга коронавирус жұқтырғандар санын өсірмеуді, экономикалық өсімді тездетуге күш салатынын атап өтті. Сондықтан бюджеттегі қаржының шамамен 48,4 миллиард доллары резервтік қорда болады. Бұл қаржы коронавирус пандемиясы жағдайында әлемдік дағдарыс болған жағдайда пайдаланылады", - деп жазады дереккөз.

"Біз коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау, экономиканы жандандыру және қаржылық реформа жүргізу үшін дұрыс тепе-теңдікті табуымыз керек еді. Бұл бюджетті анықтаудағы ең қиын міндет болды", - деп түсіндірді қаржы министрі Таро Асо.

Сонымен қатар, әскери мақсаттарға жұмсалатын шығын көлемін 51 миллиард долларға ұлғайту көзделіп отыр. Бұл да рекордтық көрсеткіш болып саналады. Қомақты қаржы жаңа зымыранды, жаңа буынның көп функционалды әскери ұшағын жасауға, зымыранға төтеп беретін қорғаныс кемелерін шығаруға жұмсалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети